Әлемдегі ең бай адамдардың
бірі Марк Цукерберг кезекті рет қытайша тіл сындырды. Ол Бейжіңдегі Цинхуа
университеті студенттерінің алдында 22 минут бойы қытайша сөйлеген. Бұл туралы
Forbеs жазады. Айта кету керек, бір жыл бұрын дәл осы оқу орынында Цукерберг
алғаш рет қытайша сөйлеген еді. Америкалық бизнесмен көмекші құралсыз ақ
қытайша судыратып тұр. Мамандар оның әжептәуір үйреніп қалғанын айтып жатыр.
Цукербергтің ханзу тіліне деген ерекше құрметі әйелімен шүйіркелесуден бөлек,
бизнесін дамытуға да қажет болса керек. Жергілікті шенеуніктер мұндай
талпынысты бағалай біледі. Қытайда
Фейсбукке тиым салынғалы 6 жыл. Бірақ әлеуметтік желіде Қытай туралы не
айтылады деген тақырып елде жиі қозғалады. Ал Цукербергтің өзі Цинхуа
университетінің кеңесшілер құрамына кіреді.
М.БАҚЫТҚЫЗЫ