$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қытайда құмды дауыл поезд қатынасын тоқтатты

AstanaTV
25.04.2014ж. 10:00
1780
Қытайда құмды дауыл поезд қатынасын тоқтатты

Қытайдың солтүстік-батыс аймақтарында құмды дауыл тұрды. Дауыл қуаты қатты. Желдің ұйытқуы сағатына 120 шақырымға дейін жетті.

Елдің бірқатар аудандарында дауыл салдарынан 20 метр жерді көрудің өзі мұң болып отыр. Синьцзян мен Ұйғыр автономды аудандарының арасында қатынайтын 12 пойыз бағытынан қалды. Арасында Қытайдың өңір-өңірлеріне жүретін жүк поездары да бар. Дүлей дауыл көршілес провинцияларды да жайпап өтті.

Синоптиктердің айтуынша, құм мен тозаң аралас жел 1 жылда 20 рет ұйытқитын болған. Жергілікті билік соңғы жылдары қоршаған ортаның ластануымен күрес жүргізіп келеді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА