$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі мен НАТО өкілдерінің кездесуі өтті

AstanaTV
25.04.2014ж. 13:00
1273
Астанада ҚР Қорғаныс министрлігі мен НАТО өкілдерінің кездесуі өтті

Астанада «Жоспарлау және талдау» бағдарламасын орындау шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігі мен НАТО өкілдерінің кездесуі өтті. Жиында Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін оқу-жаттығуларға, сондай-ақ көпұлтты контингент құрамында бейбітшілікті қолдау бойынша БҰҰ операцияларына қатысуға дайындау мәселелері талқыланды.

"НАТО-ның 2014-2015 жылдарға арналған бағдарламасының жаңа циклына бітімгершілік контингентті БҰҰ мен НАТО стандарттары бойынша дайындау және жарақтандыру, қорғаныстық жоспарлауды зерделеу, штаб офицерлерін оқыту және киберқауіпсіздік мәселелері кіреді",  - деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.