$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Ақтауда той кортежін полиция жасағы сүйемелдеген

AstanaTV
28.04.2014ж. 10:00
960
Ақтауда той кортежін полиция жасағы сүйемелдеген

Маңғыстау облысының ІІД той кортеждерін алып жүрді деген айыппен өз қызметкерлеріне қызметтік тексеріс жүргізуде. Тексеріске түрткі болған - ғаламтор желісін шарлап кеткен әуесқой түсірілім. Мына бейнежазбада тәртіп сақшыларының қызметтік көлігі той кортежін алып жүргендігі анық көрініп тұр. Тіпті, тәртіп сақшылары бірнеше көліктен басып озып, қарсы бағытқа шығып барады. Осы кезде, тойшыл қауымға оларды тоқтатпақ болған жол сақшылары ұшырасады. Алайда, «САН ЙОНГ» көлігін тізгіндеген шенді әріптесі кедергі келтірме деп бұйрық беру үстінде.

Айта кетейік, жол сақшыларына қатысты мұндай жәйт бірінші рет болып тұрған жоқ. Өткен жылғы дәл осындай оқиғада құқық қорғау орындары той көліктерін тәртіп сақшылары айып тұраққа алып бара жатты деп құтылған. Бірақ, осы жолы ІІД өз қызметкерлерінің өрескел қателіктерін мойындап отыр.

Әлия Шермағамбетова, Маңғыстау облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы:

Дәл қазіргі уақытта осы мәселеге орай қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексеріс қорытындысына сай, қатаң шаралар қолданылып, кәнілілер қызметтерінен қуылуы мүмкін.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ