$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Астанада Чернобыль құрбандарын еске алу шарасы өтті

AstanaTV
28.04.2014ж. 10:00
1739
Астанада Чернобыль құрбандарын еске алу шарасы өтті

Чернобыль атом электр станциясында апат болғанына 28 жыл өтті. Осы қаралы датаға орай Астана қаласының «Чернобыль Одағы» қоғамдық бірлестігі митинг ұйымдастырды.

Еске алу шарасы аясында апат құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Салтанатты рәсімге қалалық әкімдік, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық және жастар ұйымдары қатысты. Сондай-ақ, Ресей, Беларусь және Украина елдерінің дипломатиялық корпусының өкілдері келді.

Айта кетейік, Чернобыль атом станциясындағы апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысқан. Оның 32 мыңы - қазақстандық азаматтар. «Жыл өткен сайын Чернобыльда болған жерлестердің қатары сиреп барады. Сондықтан, біздің мақсат - барларын құрметтеп, ерлерге тағзым ету», - дейді отандық қарулы күштердің ардагері Марат Жүніс-бек.

Марат Жүніс-бек, Қазақстан қарулы күштерінің ардагері:

Қазақта аталы сөз бар: «Өлі риза болмай, тірі байымайды», - деген. Бұл
, әрине оларға тағзым ету, өткенді еске алу. Және болашақта осындай апаттың қайталанбауына, жол берілмеуіне өзіміздің ықпалымызды, өзіміздің бар күш-қайратымызды салу. Еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын.

Жұрағат БАМАН