$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Байқоңыр»-да KazSat-3 спутнигін орбитаға шығаратын «Протон-М»-ның ұшырылуы сәтті өтті

AstanaTV
28.04.2014ж. 13:00
981
«Байқоңыр»-да KazSat-3 спутнигін орбитаға шығаратын «Протон-М»-ның ұшырылуы сәтті өтті

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан кезекті «Протон-М» зымыран-тасушы аспанға көтерілді. Қазақстандық KazSat-3 және ресейлік Луч-5В ғарыштық қондырғысы бар ракета - Астана уақытымен таңғы сағат 10:25-те кеңістікке жол тартты.

Қазақстандық жерсерік - бұдан бұрын ұшырылған KazSat-3 орбиталық аумағында жұмыс жасайтын болады. Олар бір-бірін қажетті жағдайда толықтырып, алмастыра алады. Жаңа ұшырылған жерсерік - байланыстың барлық түрін қамтамасыз етумен қатар, өзіне тиесілі екі бірдей «Ақкөл» және «Алматы» ғарыштық қондырғыларын басқара алады. Яғни, Қазақстан өзге елдердің байланыс жүйелеріне бағынышты болудан түбегейлі құтылады деген сөз.

Қазақстандық жерсеріктерді пайдалану бойынша - еліміздегі телекоммуникациялар нарығы импортқа тәуелділікті - жылына 4 миллиардқа азайтады деп күтілуде. Яғни, KazSat-3-тің арқасында бәрінен бұрын, Қазақстан өз ғарыш кеңістігінен бөлек халықаралық «Электробайланыс» Одағына да кіре алады.