$540.87 €632.01 ₽6.76
×

Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында болған жарылыстан 2 адам қаза тапты

AstanaTV
11.05.2016ж. 20:00
Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында болған жарылыстан 2 адам қаза тапты

Ақтөбе ферроқорыту зауытында жарылыс болып, 2 адам қаза тапты. Зауыттың баспасөз қызметі төтенше жағдай мамырдың 8-і күні нөмірі 4-ші цехте орын алғанын растады.

Мердігер мекеменің жұмысшылары пештің бірінде орналасқан арнаулы техниканың су жүйесін тазалауы тиіс болатын. Осы кезде белгісіз себептермен жарылыс болып, артынша құрылғы отқа оранған. Нәтижесінде аталмыш серіктестіктің екі жұмысшысы күйіп, оқиға орнында көз жұмды. Жалын бірден ауыздықталып, төтенше оқиға орны қоршауға алынған.

Қазіргі таңда арнайы жасақталған комиссия оқиғаны тергеуге кірісті. Бірақ ешбір мемлекеттік орган не зауыт өкілдері оқиғаға қатысты сұхбат беруден бас тартты.

Мансұр ЕСҚОЖИН