$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Агросаланы алға бастырмайтын - ұсақ шаруашылықтардың бір арнада бірікпеуі

AstanaTV
29.04.2014ж. 20:00
1017
Агросаланы алға бастырмайтын - ұсақ шаруашылықтардың бір арнада бірікпеуі

Агросаланы алға бастырмайтын - ұсақ шаруашылықтардың бір арнада бірікпеуі. Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Абдалы Нұралиев баспасөз брифингинде осылай деп өз уәжін айтты. Ол: "Шағын шаруашылықтарда ірілендіру жүрмесе - агросала ілгері баспайтынын тәжірибе көрсетті", - дейді.

Сондықтан кәсіптің көзін тауып ірі шаруашылықпен айналысамын деушілерге субсидия мөлшері 6 миллиардтан аса теңгеге артыпты. Оның ішінде 2 млрд 800 миллион теңге егін, 3 млрд теңгенің үстінде мал шаруашылығына мол қаражат бөлініпті. Әзірге әулиеаталықтар шетелдермен әріптестік қатынаста болуға асығып отыр. Осы орайда, жалпы сомасы 90 млрд теңгеден асатын 20 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Ал егістік бойынша дәл былтырғы жылдағыдай 100 пайыз өнім өндірмекші.

Жалпы, Жамбылда 545 мың гектар жер егістік алқабы игеру жоспарлануда. Әзірге дихандар дәнді дақылдардың 98 пайызын сеуіп үлгеріпті. Оның үстіне озық технеологиялар арқасында 8 мың гектарға дейін артық өнім өндіруге мүмкіндік бар. Бастысы - шағын шаруашылықтарды ірілендіру қажет. "Өйткені болашағы бар, өнім өндіруге қабілетті агрокешенге ғана мемлекет мол қаражат бере алады", - дейді ауылшаруашылығы мамандары. 

Абдалы Нұралиев, Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Жалпы, барлығы үстіміздегі жылы шаруашылықтарға 6 млрд 200 млн теңге мемлекет тарапынан қолдау болады. Біздегі ең үлкен проблема - ұсақ шаруашылықтарды ірілендіруге байланысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Программа қабылданды. Іріленген жағдайда Үкімет тарапынан беріліп отырған қолдауларға қол жетімдік артады.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ