Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Беларусь Республикасында

AstanaTV
29.04.2014ж. 20:00
839
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Беларусь Республикасында

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Беларусь Республикасына табан тіреді. Мемлекет басшысы Минскіге Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысуға келді.

Елбасын әуежайдан Президент Александр Лукашенко қарсы алды. Бүгін екі ел басшыларының кездесуі өтті. Лукашенко қазір Қазақстан мен Беларусь арасында түйіткілдер жоқ екенін атап өтті. Бүгінде екі ел арасындағы тауар айналымы 800 миллион долларды құрайды. Түрлі салада жетпіс шақты келісім жасалған. Қазақстан үш миллион долларға жуық экспорттаса, импорт 90 миллион доллар. Минскідегі үштіктің кездесуінде Кедендік одақ мен Еуразиялық экономикалық кеңістік аясында қарым қатынас орнататын басым бағыттар айқындалып, бірлестіктің келешегі жан жақты пысықталмақ. Жоғарғы кеңеске дейін үш елдің үкіметі шарт жобасын даярлады. Минск кездесуінде Еуразиялық экономикалық одақ шартының жобасына Қазақстан, Беларусь және Ресей басшылары соңғы түзетулер енгізбек. Жоспар бойынша, құжатқа мамыр соңында Астанада қол қойылады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім және өзге салалардағы екі жақты ынтымақтастықты барған сайын жоғары деңгейге көтере түсуді мақсат етіп отырмыз. Елдеріміз арасындағы сенім мен достыққа негізделген қарым-қатынастардың даму қарқыны жақсы екенін зор қанағаттанушылықпен атап өтуге болады.

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының президенті:

Беларусь - Қазақстан қатынастарында ерекше проблемалар жоқ. Тіпті әлемдік сауда құлдыраған күрделі кездерде де бізде тауар айналымы жүріп жатты. Отырыс қарсаңында одақтың перспективалары мен осы жолдағы пайда болатын қиындықтар туралы пікір алысудың мәні бар. Егер проблемалар болса, олар үкіметаралық комиссиялар ауқымында шешіліп жатыр және біздің министрлеріміз белсенді жұмыс жасауда.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ