Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде
өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты. Нұрсұлтан
Назарбаев, Ресей және Беларусь президенттері - Владимир Путин мен Александр
Лукашенко қатысқан жиында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізгі
ережелері қосымша талқыланды.
Қазақстан, Ресей және Беларусь
басшылары шартты дайындауда ілгерілеушілік барын айтты, сондай-ақ оны әзірлеуге
іскер топтардың белсене қатысқанын атап өтті. Үш
елдің көшбасылары құжаттардың келісілу үдерісін оң бағалап, мұның мемлекеттер
арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың жоғары деңгейінің нәтижесі екенін атап
өтті.