$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қарағандыда «Мәңгілік полк» акциясына қатысушылар көп болды

AstanaTV
11.05.2016ж. 20:00
2118
Қарағандыда «Мәңгілік полк» акциясына қатысушылар көп болды

«Ешкім ешқашан ұмытылмайды». Қарағандыда биыл «Мәңгілік полк» акциясына қатысушылардың саны былтырғыдан 3 есе артқан. Жеңіс күні 2 жарым мыңнан аса қарағандылық көшеге екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-бабаларының портреттерін ұстап шықты.

Ұзын сонар керуен қала орталығымен жүріп өтті. Белсенділер осылайша Жеңіс үшін опат болған жақындарына құрмет көрсетті. Бұл шара 3 жылдан бері дәстүрге айналған. Қарағанды облысынан майданға 45 мың адам аттанып, оның 17 мыңы елге оралмаған. Одан бөлек, мыңдаған адам майданға қару-жарақ, оқ-дәрі мен азық-түлік дайындапты. Соғыс боздақтарын еске алған салтанатты митинг кезінде аймақ атқамінерлері «Мәңгілік алау» алаңында болып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Біз - жеңімпаз әкелер мен аналардың ұрпақтарымыз. Оны әрқашанда мақтанышпен айтамыз. Сол бір сұрапыл соғыста ардақты әкелеріміз бен аяулы аналарымыздың майданда, тылда көрсеткен ерен ерлігі мәңгілік есімізде сақталатын болады. 

Айжан ҚУАШ