Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақ елі музыкант, сазгер Болат Сыздықовпен қоштасты

AstanaTV
11.05.2016ж. 20:00
2982
Қазақ елі музыкант, сазгер Болат Сыздықовпен қоштасты

Алматы жұртшылығы эстраданың жарық жұлдызы, композитор Болат Сыздықовты ақтық сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасу Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтті. Оған өнер иесінің достары мен тума-туыстары, эстрада әншілері мен өнерін бағалаушылар көп жиналды.

Музыкант 7 мамыр күні 60 жасына толуына бір жарым ай уақыт қалғанда дүниеден өтті. Ән әлеміне жастайынан қанат қаққан Болат Сыздықовтың өнер жолы Қарағанды мемлекеттік филармониясынан басталған. Кейін «Гүлдер» ансамблі мен «Арай» тобының музыканты болып, әйгілі «А-Студионың» іргесін қаласты. Шығармашылық ізденіске шын берілген өнер иесі 1992 жылы жеке жобасын іске асыруды қолға алған еді. Әнші Карина Абдуллинамен бірге «Мюзикола» дуэтін құрып, 10 ән жинағын шығарыпты.

Мұрат Құсайынов «Дос Мұқасан» ансамблінің мүшесі, композитор:

Болаттың біздің қазақ өнеріне, қазақ эстарадасына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Оның құрған «Мюзиколасы», ол істеген «Арай», «А-Студио», Роза Рымбаеваның коллективінде, Москвада көптеген қызмет істеді. Ал Москваның музыканттары кім болса соны қабылдамайды. Болаттың жазған музыкасы, гитарада ойнаған үндері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.  

Айгүл ЕРМАХАН