«Ешкім ешқашан ұмытылмайды».
Қарағандыда биыл «Мәңгілік полк» акциясына қатысушылардың саны былтырғыдан 3
есе артқан. Жеңіс күні 2 жарым мыңнан
аса қарағандылық көшеге екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-бабаларының
портреттерін ұстап шықты.
Ұзын сонар керуен қала
орталығымен жүріп өтті. Белсенділер осылайша Жеңіс үшін опат болған
жақындарына құрмет көрсетті. Бұл шара 3 жылдан бері дәстүрге айналған.
Қарағанды облысынан майданға 45 мың адам аттанып, оның 17 мыңы елге оралмаған.
Одан бөлек, мыңдаған адам майданға қару-жарақ, оқ-дәрі мен азық-түлік
дайындапты. Соғыс боздақтарын еске алған салтанатты митинг кезінде аймақ
атқамінерлері «Мәңгілік алау» алаңында болып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Нұрмұхамбет Әбдібеков,
Қарағанды облысының әкімі:
Біз - жеңімпаз әкелер мен
аналардың ұрпақтарымыз. Оны әрқашанда мақтанышпен айтамыз. Сол бір сұрапыл
соғыста ардақты әкелеріміз бен аяулы аналарымыздың майданда, тылда көрсеткен
ерен ерлігі мәңгілік есімізде сақталатын болады.
Айжан ҚУАШ