$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Шымкентте үш жасар бүлдіршіннің туыстарын іздестіріп жатыр

AstanaTV
30.04.2014ж. 20:00
1030
Шымкентте үш жасар бүлдіршіннің туыстарын іздестіріп жатыр

Шымкентте үш жасар бүлдіршіннің туыстарын іздестіріп жатыр. Балақайды белгісіз біреулер көпқабатты пәтерлердің бірінің алдына кешқұрым қалдырып кетіпті Кішкентай баланың бейімдеу орталығында тұрып жатқанына алты күн болды.

Оны көшеден тауып алған бір азаматша полиция бөліміне тапсырған. Жасы шамамен үште. Алайда балақай өзінің атын айта алмайды. Оны орталықтағылар «Джони» деп атап кетіпті. Жасын да білмейді. "Тек айтқанды бірден ұғады", - дейді психологтар. Ешкімді жатырқамайды. Қасындағы балаларға тез бауыр басып кеткені көрініп тұр. Соған қарағанда, көпшілік ортада өскен болуы мүмкін деп топшылайды мамандар. Орталықтағылар ата-анасы Джониден ерікті түрде бас тартулары немесе ішкілікке салынғандықтан адастырып алулары мүмкін деген пікірде.

Сәуле Оңғарбаева, ОҚО кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогы:

Қазіргі қиындық біздің осы кішкентай баламыздың жеке басын анықтау болып тұр. Одан кейін оның заңды өкілдерін анықтау жұмыстарын өткізіп жатырмыз дәл қазірде. Одан кейін баланың қажетті құжаттары бар ма, жоқ па, әрі қарай баланы орналастыру жұмыстарын жүргіземіз.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ