$474.72 €515.17 ₽5.58
×

"KazEOSat-1" спутнигі француздық «Куру» ғарыш айлағынан аттандырылды

AstanaTV
30.04.2014ж. 20:00
1667
"KazEOSat-1" спутнигі француздық «Куру» ғарыш айлағынан аттандырылды

Сәтті старт! Жерге қашықтан зонд жүргізетін алғашқы қазақстандық спутник ұшырылды. "KazEOSat-1 спутнигі Астана уақытымен бүгін таңғы 7 сағат 35 минутта француздық Гвиана аймағында орналасқан «Куру» ғарыш айлағынан аттандырылды.

Жерді қашықтықтан зондтау жүйесі Қазақстанға бақылау ақпараттарын жедел алуға мүмкінді береді. Ғарыштық деректерді қолдануға мүмкіндік беретін технология ауыл шаруашылығын, төтенше жағдайлар қызметін, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздікті, геодезия және картографияны дамытуда септігін тигізбек. Жер серігі 29 сәуірде ұшырылуы тиіс болған. Алайда ауа-райының қолайсыздығынан бір күнге шегерілді. «KazEOSat-1» спутнигінің ұшырылу барысын онлайн режимде көруге мүмкіндік болды.

Астанадағы "Қазмедиа" орталығында ғарыш айлағымен байланыс орнатылды. Ал байланысқа шыққан Талғат Мұсабаев онлайн конференцияға қатысушыларды және жалпы қазақстандықтарды сәтті бастамамен құттықтады. 

Талғат Мұсабаев, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы:

Біз осы ұшырылуды және техниканы дайындаған адамдарға алғасымызды білдіреміз. Және қазақстандық мамандарды дайындауға қол ұшын берген француздық әріптестерімізге рахмет айтамыз. Сәттілік тілейміз.

Мейірбек Молдабеков, Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары:

Ауыл шаруашылығында, егіннің жағдайы, жердің жағдайы, жердегі ылғалдың жағдайы, оның қанша өнім беретіні, өрт болып жатыр ма, су тасқыны болып жатыр ма, жер сілкініп басқа да техногендік апаттар болып жатыр ма - соның барлығын суретке түсіріп жер серігі арқылы алдын ала білуге болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ