$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Керекуде 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алмақ болған шенеунік құрықталды

AstanaTV
12.05.2014ж. 13:00
1292
Керекуде 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алмақ болған шенеунік құрықталды

Керекуде 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алмақ болған шенеунік құрықталды. Қалалық тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлімінің бас маманы  ақша алу барысында Қаржы полициясының құрығына іліккен. Жәбірленуші бұл кезде мемлекеттік қызметкерге бастапқы жарна ретінде 700 мың теңге беріп жатқан.

Вахитова Ряйля Равильовна. Место работы? - Отдел ЖКХ г.Павлодар. -Кем работаете? - Главный специалист.

31 жастағы шенеунік Павлодар тұрғынын мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беруге көмектесемін деп сендірген. Оған біршама ақыл-кеңесін беріп те үлгереді. Бірақ өз қызметін ол 3 млн 642 мың теңгеге бағалаған. Бұл шамамен 20 мың АҚШ долларына тең.

Қаржы полициясы өкілдерінің айтуынша, жәбірленуші мен айыпталушыны таныстырған үшінші  бір адам болған. Ол 1986 жылы туған Павлодар  тұрғыны. Еш жерде жұмыс істемейді. Қазір шенеунік пен арадағы делдалға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер қылмыстары дәлелденсе, бас маманға 5-тен 10 жылға, ал оның сыбайласына 7-ден 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Самал Ахмедиянова, Павлодар облыстық ЭҚСЖҚК департаментінің баспасөз хатшысы:

Комиссия жұмысы кезінде айыпталушы жәбірленушіге үш бөлмелі пәтерді алуға қол ұшын беремін деп айтқан. Алайда тергеу Вахитованың бұл мәселені шеше алмайтынын анықтады. Бас маман мұны жақсы білген. Десе де, алдау арқылы қомақты ақшаға ие болғысы келген.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ