$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауылында көп ұлтты отбасылар мерекені атап өтті

AstanaTV
01.05.2014ж. 13:00
1306
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауылында көп ұлтты отбасылар мерекені атап өтті

Татулық пен береке - бірліктің мерекесін шалғай елді мекендер де кең құлашта атап өтуде.

Сондай думанның бірі Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында өтіп жатыр. Әр ұлт пен ұлыстың өкілдері ағайын-бауырдай орталық алаңда бас қосты. Шалғайда жатса да, ауылдағы ағайын ұлыстар арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалайтындықтарын осылай әспеттеді. Ән айтылып, би биленді. Жалпы ауданда 105 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады. Олар, тіпті мерекеге арнап көше бойын да безендіріп қойған.

Арайлым Қайсиева:

Көңіл күйіміз жақсы. Бүгін біз үшін үлкен мереке. Қазақстанда қашанда татулық, тыныштық болсын. Президентімізге тұрақтылық үшін алғыс айтамыз.

Гүлнұр Мұратова:

Осылай еліміз тыныш өмір сүріп, бірлігіміз жараса берсін!

Жұртшылық бүгінгі мерекенің нышаны ретінде кеудеге тағатын арнайы гүл үлгісін жасапты. Орталық алаңға жиылған 7 мың тұрғынның көкірегіне мереке символы тағылды.

Айта кетейік, бұл ауданда 1-мамырға орайласқан шеру 20 жылдан бері алғаш рет атап өткізіліп отыр. Енді мерекелік шеруді дәстүрге айналдырмақ.

Қанат ОРАЛБЕК

Алдыңғы жаңалық