$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қазақстан Украинадағы зорлық-зомбылықтың артуына алаңдаулы

AstanaTV
05.05.2014ж. 10:00
965
Қазақстан Украинадағы зорлық-зомбылықтың артуына алаңдаулы

Қазақстан Украинадағы зорлық-зомбылықтың артуына алаңдаулы. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

«Қазақстан да Украинадағы зорлық-зомбылықтың артуына, оның ішінде Одесса, Славянск және Краматорсктегі оқиғаларға қатысты асқан алаңдаушылық білдіріліп отыр. Бұл оқиғалар көптеген адамдардың өліміне себеп болғанын терең қайғымен атап өтеміз», - делінген мәлімдемеде. Сондай-ақ, ресми Астана Украинадағы теке-тіреске араласқан барлық тараптарды күш көрсету және қауіп қатерлерді ушықтырудан тез арада бас тартуға шақырды.

Нұржан Айтмаханов, ҚП СІМ баспасөз хатшысы:

Барлық мүдделі тараптарды үстіміздегі жылы 17 сәуірде Женевада қол жеткізген уағдаластықтарды бұлтартпай орындауға үндейміз. Соңғы күндері орын алып жатқан оқиғалар Украинадағы бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздікті жедел түрде қайта қалпына келтірудің маңызды айғағы болып табылатындығына сенеміз.

Айта өтейік, 2 мамыр күні Одессада қақтығыс болып, Кәсіподақтар үйі ғимаратына от қойылған еді. Өрттен 46 адам қаза тапты. Бұдан соң Краматорскіде де украин әскерилері мен жергілікті тұрғындар арасындағы теке-тірестен он адам опат болды.

Илхам ИБРАГИМ