Кореяда суға кеткен «Севол» кемесінде
қаза тапқандардың саны 248-ге жетті. 52 адамның тағдыры әлі де белгісіз.
Жақында ел президенті Пак Кын Хе апат
орны Чиндо аралына тағы бір мәрте барып, жоғалғандардың туысқандарымен
кездесіп, іздестіру жұмыстарының барысын бақылап қайтты. Президент халықтан
биліктің тиімсіз жұмыстары үшін кешірім сұрап, іздестіру жұмыстарының тоқтаусыз
жүргізілетінін айтты.
Кеменің суға кетуі бойынша 20 адам кінәлі
деп танылып, қамауға алынып отыр. Олар - кеме экипажы мен компания өкілдері.
Оларға «эвакуация жайында хабарды кеш таратты» деген айып тағылған. Апат кезінде экипаж көпшілікті керісінше орындарында қалуға
шақырған. Кеме капитаны өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, апаттан кейінгі даудан
Оңтүстік Кореяның премьер-министрі отставкаға кетуге мәжбүр болды.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ