Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ауған билігі тасқыннан зардап шеккендерге көмек бере бастады

AstanaTV
05.05.2014ж. 10:00
987
Ауған билігі тасқыннан зардап шеккендерге көмек бере бастады

Ауған жұртшылығы аза тұтып жатыр. Елде табиғат апатынан қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті. Мұнда бірнеше күнге ұласқан нөсер жауыннан соң елдің солтүстік-шығысын түгел лай басып қалған еді. Апат 2 мыңнан астам адамның өмірін қиып кетті.

Ел үкіметі енді ғана ес жиса керек, жапа шеккен аймаққа қол ұшын соза бастады. Вице-президент аймақты қалпына келтіруге 200 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінгенін хабарлады. Ал лай көшкіні басып қалған Бадахшан провинциясының губернаторы қираған баспаналар үйіндісінің астында әлі де жүздеген мүрделердің жатқанын айтып отыр.

Малла Абдул Азиз, зардап шегуші:

Апаттан соң жастардың белсенділігі мықты болды. Әлеуметтік желілер арқылы көмекке шақырдық. Мен де өз туыстарымды құтқарып қалайын деп келгем. Бірақ, бұдан түк шықпады. Бір отбасы түгелдей қирандының астында қалыпты. Мұнда марқұмдарды жерлеу бірнеше күнге созылмақ.


Еске саламыз, өткен жұмада бір ауыл нөсер жауынның салдарынан таудан аққан лай көшкінінің астында қалған. Барлығы 300 отбасы, 2100-ден астам адам мерт болды. Бадахшан билігі көшкіннің қайталануы мүмкін деген қауіпте. Өйткені аймақта нөсер жауын әлі басылған жоқ. 4 мыңға жуық адам көшірілді.

Илхам ИБРАГИМ