$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Шымкентте адасқан баланың туыстары табылды

AstanaTV
05.05.2014ж. 13:00
1122
Шымкентте адасқан баланың туыстары табылды

Шымкентте адасып қалған үш жасар бүлдіршіннің туыстары табылды. Бұған дейін «Джони» деген атпен танылған сәбидің шын есімі Давид екен.

Нейля Горочкина
, Давидтің әжесі:

Біз Давидті теледидардан көрдік. Келесі күні атасы немересін алуға орталыққа барды. Бірақ ол жақтағы мамандар бере алмаймыз деп шығарып салды. Не әкесі немесе өзінің анасы келіп алуы керек, дейді. Әкесі күнкөріспен басқа қалада жүр. Ал анасының қайда жүргенінен хабарымыз жоқ.

Давид Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын 24-сәуірден бері паналап жүр. Балақайды белгісіз біреулер көп қабатты үйлердің бірінің алдына қалдырып кеткен. Жалғыз жүрген бүлдіршінді жергілікті тұрғындар полицияға апарып тапсырған болатын.

Балақайдың ата-әжесінің айтуынша, оның әкесінің жасы 27-де. Ол қазір Астанадан ұлын алуға келе жатыр. Ал, орталықтағылар баланың туыстары табылғанымен, ол жайлы толық деректі полиция анықтап жатқанын алға тартты.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ