Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Азия даму банкі басқарушылар кеңесінің 47-ші отырысына Президент қатысты

AstanaTV
05.05.2014ж. 13:00
787
Азия даму банкі басқарушылар кеңесінің 47-ші отырысына Президент қатысты

Азия даму банкі Қазақстан экономикасы үшін негізгі донорға айналды. Бүгінге дейін қаржы құрылымы елге 3,5 миллиард АҚШ долларына жуық инвестиция салған. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне арналған маңызды жоба жүзеге асырылуда. Қазақстан Азияның 14 елімен инвестицияны қорғау туралы келісім жасасты. 2013 жылы инвестициялардың азиялық үлесі 17%-ға жетті. Азия даму банкі басқарушылар кеңесінің 47-ші отырысына қатысқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев осыларды атап өтті.

Мемлекет басшысы соңғы он жылдықта банктің қолдауымен миллиондаған жастар сапалы білім алғанын жеткізді. Таза ауыз су мен электр қуатына қол жеткізуде, әлеуметтік қызметтер сапасын арттыруда Азия Даму банкінің үлесі зор, - деді. Сондай-ақ, байырғы Жібек жолының бойында орналасқан елдер жаңа кезеңге аяқ басқанын, «Азия ғасырының» басталатынын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев
, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бұл - Қытай, Үндістан, Жапония, Корея және көптеген дамушы елдерді
біріктіретін ең қарқынды дамып келе жатқан өңір. Сонымен қатар, бұл аса ірі тұтынушылық сұраныстың негізін құрайтын, әлемдегі халқының ең саны көп аймақ. Сарапшылардың бағалауы бойынша, 2050 жылға қарай әлемдік сауданың, инвестицияның және ІЖӨ-нің жартысынан көбі Азияда шоғырланады. Бұл үрдістерді урбандану қарқыны, ірі агломерациялардың құрылуы, өндірістер қуатының артуы күшейте түседі. Өңірдің өркендеуінің жаңа кезеңі мен «Азия ғасырының» басталуы осындай сценарий ұсынып отыр.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ