$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қырғызстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 6,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді

AstanaTV
05.05.2014ж. 13:00
1016
Қырғызстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 6,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Қырғыз-Қытай шекарасында магнитудасы 6,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулері Алматы қаласында да сезілді. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 5 мамырға қараған түні сағат 02:23-те болған. Хабарламада жер асты дүмпулерінің ошағы Алматыдан 288 шақырым қашықтықта орналасқаны айтылады. Сондай-ақ, оның Алматы қаласында сезілуі шамамен 2-3 баллды құрады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА