Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Таразда «Мен Отан қорғауға дайынмын!» атауымен патриоттық акция өтті

AstanaTV
05.05.2014ж. 13:00
1444
Таразда «Мен Отан қорғауға дайынмын!» атауымен патриоттық акция өтті

«Мен Отан қорғауға дайынмын!» Таразда осындай атаумен патриоттық акция өтті. Игі шара - Қарулы күштердің 22 жылдығы мен Ұлы жеңістің 69 жылдығына арналған. Жамбыл облыстық жастар саясаты басқармасы мен Қорғаныс істері департаменті ұйымдастырған акцияға ардагерлер мен әскерилер, сондай-ақ, жаңадан әскер қатарына шақырылғандар қатысты.

Ал, әскери өмірден сыр шертуге Халық қаҺарманы, Парламент мәжілісінің депутаты, генерал Бақытжан Ертаев келді. Ол патриот болу жалған ұранмен өлшенбейтінін айтып, жас сарбаздарға жігер берді. Армия айбынын асқақтату үшін кез келген жастың әскери мектептен өту керектігін сөз етті. Жамбыл облысы бойынша, өткен жылы әскер қатарына 1832 сарбаз аттанған. Биыл бұл көрсеткіш 903 жауынгермен межеленді.

Бақытжан Ертаев, Халық қаһарманы, Парламент мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Біз - рухты халықпыз. Әруақты халықпыз. Міне, біз соған жеттік. Біздің бабаларымыз, батыр бабаларымыз - біз үшін жан берді. Біз үшін - қан төкті. Елімізді силау үшін, ата-ана бізбен қуану үшін, біз Отан алдында ант еткен антымызды орындау - парызымыз.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ

Алдыңғы жаңалық