$447.14 €500.35 ₽5.24

Қызылордада «Әділет» партиясының бастамасымен шалғай аудан тұрғындарына құқықтық және медициналық көмек көрсетілді

Қызылордада «Әділет» партиясының бастамасымен шалғай аудан тұрғындарына құқықтық және медициналық көмек көрсетілді

Шалғайдағы ауыл тұрғындары енді мәселелерін айтып бірнеше шақырым жүріп, облыс орталығына шабылмайды. Себебі оларға құқықтық және медициналық көмек көрсету мақсатында мамандар арнайы барады. Мұндай мүмкіндікті «Әділет» партиясы жасап отыр. Партияның Қызылорда облыстық филиалының бастамасымен іс-шара Қармақшы ауданының Тұрмағанбет және Ақжар ауылдарында өтті. Мобильді қоғамдық қабылдауға 40-тан аса тұрғын келіп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Уақытын үнемдеп қана қоймай, мұң-мұқтажы тиісті сала өкілдерінің құлағына жеткен олар дән риза. Сонымен қатар, жылжымалы медициналық керуені қызмет көрсетті. Халық білікті мамандардан кеңес алып, тексерістен өтті.

ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Арнайы 10 саланың түрлі мамандары, басшылары бар. Ол әлеуметтік сала, денсаулық саласы, ауылшаруашылық саласы. Сонымен қатар, «Қарызсыз қоғам жобасы» аясында, жастар мәселесі. Жалпы, құқық қорғау саласы бойынша арнайы мамандарымен келіп отыр. Көшпелі денсаулық бекетімен келіп халықты тегін, сақтандыру ешнәрсе сұрамай-ақ әртүрлі бағытта денсаулықтарын тексеріп жатыр.