«Мен көрген әлем - менің шабытты
өмірім». Астанада осындай атаумен 3-ші республикалық байқау өткен
болатын. Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы көркемсурет жұмыстарына
арналған сайыс мәресіне жетті. Байқауға 11 мен 16 жас аралығындағы
балалар үйлерінің, интернаттар мен арнайы коррекциялық мектеп тәрбиеленушілері
қатысты.
Республиканың әр өңірінен 300-ден астам жұмыс келіп түскен. Олардың
арасында көркем суреттер мен түрлі әдістермен жасалған сәндік-қолданбалы өнер
бұйымдары бар. Елордада осы байқаудың жеңімпаздары арнайы марапатталды. Сондай-ақ көрме ұйымдастырылып, туындылардың ашық сатылымы өтті. Одан түскен қаржы жас
өнерпаздардың қажеттілігіне жұмсалмақ.
Қаныбек Жұмашев, "Нұр
Отан" партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары:
Қабілетті, сурет өнеріне деген
құштары кең балаларды анықтауға мүмкіндік береді. Олардың ішінде өздерінің
болашағын осы сурет өнерімен байланыстырып, сурет академияларына, өнер
академияларына оқуға түскен, мамандық таңдаған балалар да бар.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ