Бүгін Астанада ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының жыл сайынғы дәстүрлі отырысы өтті. Алқалы жиынды жаңадан тағайындалған төраға, Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жүргізді. Іс-шарада ұлттық комиссияның 2013 жылы атқарған іс-шаралары қорытындыланып, алдағы жылдың негізгі бағыттары айқындалды.
Олардың қатарында ұлттық мәденит, табиғи және материалдық емес мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу мәселесі де бар. "Елімізде мәдениет пен білім беру салалары әлі де болса кенжелеп тұр", - дейді материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің құрметті төрағасы Мұрат Әуезов.
Мұрат Әуезов, "М.Әуезовтың өмірі" қорының президенті, материалдық емес мәдени мұраны қорғау ҚР Ұлттық комитетінің құрметті төрағасы:
Енді, әрине, ниет бар да, оны орындау бар, оны қаржылау бар. Сондай мәселелер
бүгін туады. Қаржылау жүйесі, өкінішке орай, ақсаңдап келе жатыр. Әсіресе мәдени
ағарту саласын, оқуға қатысты саласын. Сондықтан бүгін үміттеніп отырмын. Қалай
болатынын көрерміз.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА