$478.93 €534.96 ₽5.16
×

АҚШ-нда 5 ірі держава қауіпсіздікке кепілдік берді

AstanaTV
07.05.2014ж. 13:00
1869
АҚШ-нда 5 ірі держава қауіпсіздікке кепілдік берді

5 алпауыт ел - Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымында Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне кепілдік беретін хаттамаға қол қойды. Бұл жөнінде ұйымның жаңалықтар бөлімі хабарлады.

Хаттама Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанға қатысты. Бұл елдер өз тарапынан ядролық қарусыз аймақ құруға келісімін берді. Сөйтіп, олар ядролық қару өндірісіне, сатып алуға және өз аумағында орналастыруға тыйым салмақ. Бірақ бұл келісім бейбіт ядролық энергетикаға кедергі келтірмейді.

Айта кетерлігі, қауіпті қарудан бос аймақтар қазірдің өзінде Латын Америкасы, Африка, Тынық мұхиты аймағы мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде бар. Барлығы 100-ден астам мемлекет. Сарапшылар жаңа хаттама аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайта түседі деген пікірде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ