Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Павлодарда 3D картиналар көрмесі ашылды

AstanaTV
07.05.2014ж. 13:00
2383
Павлодарда 3D картиналар көрмесі ашылды

Павлодарда ерекше көрме ашылды. Өңірдің үлкен-кіші тұрғындары 3D форматында салынған картиналарды тамашалап, мәз-мейрам болды. Бірегей көрме Барнауыл қаласынан жеткен. Мұндай шара алғаш рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар оның Қазақстан бойынша өтіп жатқан бірегей шара екенін айтады. Облыстық көркем сурет мұражайының төрінде қызықты суреттер көп.

Бұқараның назарына ерекше тәсілмен суреттелген 16 картина ұсынылды. Әр туынды жанды бейне секілді. Бұл жерден «Құрыш адамның» екпінді соққысын, «Халыктың» ашулы мінезін, «Монстрлар корпорациясындағы» күлкілі кейіпкерлерді көруге болады. Сүйікті мультфильм қаһармандарымен кездескенге, әсіресе, балалар жағы қуанышты. Балғындар картиналардың қасында естелікке суретке түсіп мәз.

Бұдан бөлек бұл жерден табиғат аясындағы түрлі тіршілік иелерін көруге болады. Төбеден төнген дәу өрмекші, асыққан акула мен сүйегіне жүгіріп келе жатқан иттің бейнесі әр көрерменге ұмытылмас әсер қалдырды.

Әсет Нұрболат:

Маған осы жерге келген өте қызықты болды. Мен осыдан мультикта жүргендей, қуанышты әсер алдым.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ