Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Оралда жаңа отандық кеме салтанатты түрде суға түсірілді

AstanaTV
07.05.2014ж. 20:00
1719
Оралда  жаңа отандық кеме салтанатты түрде суға түсірілді

Оралда су жаңа отандық кеменің тұсауы кесіліп, салтанатты түрде суға түсірілді. Бұл - Оралдағы "Зенит" зауытында жасалған 21-ші әскери кеме. Су сыйымдылығы 250 тоннаны құрайтын кеме қазіргі заманға сай артиллериялық зымыран қаруларымен, жетілдірілген байланыс жүйесімен жарақталған. Басқару жүйесі де толығымен автоматты. Кеменің суда жүзу жылдамдығы 35 теңіз узеліне жетеді.

Суға түсірілген соң кеменің жүзу қабілеті тексеріліп, мамандар арнайы сынақтан өткізеді. Содан кейін ғана Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштеріне қабылданған кеме қазақ елінің Каспийдегі шекарасын қорып, тыныштығын күзетеді. Болашақта «Зенит» зауыты жалпы салмағы 600 тоннаны құрайтын алып кемелер өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.

Вячеслав Валиев, «Оралдық «Зенит» зауыты» АҚ директоры:

Кемені екі жыл бойы жасадық. Бұл кешен қуаттылығы, навигациялық жүйесі жөнінен аса күрделі болып отыр. Инженерлер мен конструкторлардан бастап жұмысшыларға дейін аянбай еңбек етті. Бұл - қарапайым кеме емес. Қару-жарағы аса қуатты, зениттік-зымыран кешені орналастырылған. Қорғаныс қабілеті де жоғары.

Еркін ҚАРИН