$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өскемен мен Барнауыл арасында Жеңіс күніне арналған телекөпір өтті

AstanaTV
07.05.2014ж. 20:00
1503
Өскемен мен Барнауыл арасында Жеңіс күніне арналған телекөпір өтті

Шығыс Қазақстан өңірінде ерекше шара. Бауырлас екі қала Өскемен мен Барнауыл арасында Жеңіс күніне арналған телекөпір өтті. «Ортақ соғыс - ортақ жеңіс» атауымен өткен телекөпір көршілес екі елдің ғасырларға созылған мызғымас достығы мен тарихтың, ортақ жеңістің сабақтастық тауып жатқанын тағы бір рет дәлелдеді.

Телекөпірге қатысушылар фашизмге қарсы күресте түрлі ұлт өкілдерінің тізе қосып, иық тіресе күш біріктіргенін айтты. Майдангер қариялар өмірінің ең ауыр кезеңі - сұрапыл соғыс жылдарын еске алды. Өрімдей жас шақтарында майданда қан кешіп, Ұлы Жеңіске жеткенін ой елегінен өткізді. Кездесуде екі аймақтың басшылары барлық тұрғындар атынан ардагерлерге алғыс білдірді.

Ғазиз Ахмеров, ҰОС ардагері:

Мұндай шаралар біздің көңіл-күйімізге қатты әсер етеді. Алтай өлкесі мен біздің өңір арасындағы береке-бірлікті нығайтады. Әрдайым достығымыз жарасып, ұрпақтар сабақтастығы жалғаса берсе деп тілейміз.

Қанат ОРАЛБЕК