Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Теміртауда «Запастағы еркек» деп аталатын көрме өткізілді

AstanaTV
07.05.2014ж. 20:00
998
Теміртауда «Запастағы еркек» деп аталатын көрме өткізілді

Қазіргі ер азаматтар үшін ең жайлы орын - үйдегі диван! Теміртаулық мұражай қызметкерлері осындай байламға келді. Материал жинау барысында ғалымдар біраз әйелдің пікіріне құлақ асқан. Сөйтіп қалада ерекше көрме ұйымдастырылды. «Запастағы еркек» деп аталатын көрме жігіттердің мінез-құлқын ашуды мақсат еткен.

Экспонттарды нәзік жандылар жинақтады. Көрме қорындағы ірілі-ұсақты 21 мыңдай бұйымның басым бөлігінің ер азаматтарға қатысы бар екен. Құрыш қаланың негізін қалаған металлургтерге тиесілі бұйымдар да көп. Мұнда ер жігіттер әлсіздік танытатын заттар бұрышы да жасақталған. Олар кәуап пісіретін таяқша, доп және қармақ. Көрмені тамашалаған мерекенің басты кейіпкерлері әр мамандық иесінің отан алдында өзіндік борышы бар екенін айтады.

Әр мамандықтың отан алдында өз борышы бар. Дегенмен, әскерде болған азамат өмірдің үлкен мектебінен өткен деп бағаланады. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ