Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Отандық телеарна жүргізушілері тұңғыш рет ашық аукционда саудаға шығарылды

AstanaTV
09.05.2014ж. 20:00
2306
Отандық телеарна жүргізушілері тұңғыш рет ашық аукционда саудаға шығарылды

Отандық телеарна жүргізушілері тұңғыш рет ашық аукционда саудаға шығарылды. Олардың арасында "Астана" телеарнасының дикторлары Илхам Ибрагим мен Ерлан Сисенов те бар. Бұрын-соңды болып көрмеген қайырымдылық аукционына тауар емес, тірі адамдар - тележүргізушілердің шыққаны көрермендердің қызығушылығын оятты. Сатылымнан түскен қаржы Отан соғысының ардагерлеріне табысталды. Әріптесім Айгүл Әдепбай да аукционға барып, тележүргізушілерді сатып алуға тырысты. 

Танымал тележүргізушімен ұмытылмас кездесуді менің де ұтып алғым келеді. Алайда оған қанша қаржы кететінін айту қиын. Ал оларды ұтып алғысы келетін бақталастарымың көп екенін ескерсек, бүгін мен үйге жігітсіз қайтатын тәріздімін.

Бірінен соң бірі сахнаға көтеріліп, жатқан жүзіктің көзінен өткендей әріптестерімізді қыз-қырқын көз-ілестірмей қағып алып жатты. Дегенмен жігіттерге оңай соққан жоқ. Телеарнаның бетке ұстар азаматтарына алдымен өз өнерін паш етуге тура келді.

Бірі ән салса, бірі ұлы Абайдың қара сөздерін оқыды. Енді бірі биден құр алақан еместігін көрсетті. Танымал тележүргізушімен ұмытылмас кездесуді ұтып алғысы келген қыздар да тартынып қалмады. Сегіз қырлы саңлақтарды салмақты бағалап жатты.

Әсел Омарқұлова, қайырымдылық акциясын ұйымдастырушы:

Біз қайырымдылық бағатына жаңа леп енгізгіміз келді. Тележүргізушілерді тарту арқылы ақпараттық қолдауды арттырып, қайырымдылық жасаймын дегендердің қатарын көбейттік. 

11 тысяч... Ой, молоденькая, как вас зовут?  -Ботагоз.

Илхам Ибрагиммен бір кездесуді ұтып алғысы келгендер қатары аз болмағанмен, тек Ботагөз есімді бойжеткеннің ғана жолы болды. Ал танымал тележүргізуші мұнша қымбатқа сатылам деп ойламағанын мойындады.

Илхам Ибрагим, «Астана» телеарнасы арнайы жобалар бөлімінің жетекшісі:

Ойламаған жерден 17 мың теңгеге сатып алды. Мен ойлағанмын бір 5-6 мыңнан аспайтын шағармын деп. Мен өзім жоғары бағаламаймын.

Жоғары бағаны қыздар беріп жатты. Ең қымбат жүргізуші 24000 мың теңгеге сатылды. Ал «Астана» арнасының жүргізушісі Ерлан Сисеновтің құны да қалыспайыды - 23000 тг. Сатылымнан түскен барлық сомма 165000 тг. Бұл қаржы ардагерлерге тиесілі.

Тележүргізушілер ардагерлердің үйін аралап та үлгерді. Азық-түлік пен сыйлықтарды таратып ақсақалдардың көңілін аулады.

Селбек Усин, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Ұмытпайды рахмет, бәрі сыйлайды, бәрі келеді. Сыйлық береді. Осы 2-3 күн ішінде күнде шақырады. Риза болғанда қандай, жақсы пенсия, пәтер мынадай, көрдің бе.

Қазыналы қариялар ілтипаттың кез келген түріне риза. Баталарын беріп шығарып салды бізді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ