Ақтөбе
облысында жұқпалы иммун тапшылығы синдромын жұқтырғандар арасында медицина қызметкерлері
мен мұғалімдер де бар. Тіпті мемлекеттік қызметкерлер арасында да аты жаман
ауруға шалдыққандар кездескен. Бұл туралы бүгін облыстық СПИД орталығының
арнайы брифингінде белгілі болды.
Айбарша
Төребаева,
Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары:
Бұның
ішінде әр түрлі мамандық иесі де бар. Мұғалім де бар, медицина қызметкері де
бар, жай жұмсысшы да бар, лауазымды қызметтегі адамдар да бар. Енді жалпы бұл
ауру адамның қызметіне қарамайды. Ең бастысы мінез-құлқында ақау жіберетін
болса, бей-берекет жүріске салынатын болса, бұл аурудың алдында барлығы да
бірдей.
Орталықтың
дерегінше, өткен 4 айда аталған дертті 10 адам жаңадан жұқтырған. Жетеуі жыныстық
жолмен ауруға шалдыққын. Бұл қауіпті вирустың шақалақтарға құрсақта және ана
сүтімен жұққаны белгілі болды. Қазір облыс бойынша 183 адам тіркеуге
алынған.
Мансұр
ЕСҚОЖИН