$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Ақтөбедегі жер үйлердің біріндегі дәретханадан шақалақ табылды

AstanaTV
12.05.2016ж. 20:00
1133
Ақтөбедегі жер үйлердің біріндегі дәретханадан шақалақ табылды

Ақтөбеде жеке тұрғын үйдің дәретханасынан қапқа оралған шақалақ табылды. Қазір ол облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген. Мамандар нәрестенің айы-күні жетіп, дүниеге келгенін айтады. Олардың айтуынша, қыз баланы кеше түнде үй иесі дәретханадан тауып алған. Шырылдаған дауысына шыдамаған ол, тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем жеткенше, баланы нәжіс шұқырынан шығарып алыпты.

Әлия Жанғалиева, Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинекологы:

Айы-күні жетіп босанған. Салмағы 3 келі 80 грамм. Перзентханаға жеткізілген кезінде дене қызуы 31,2 градус болды. Әдеттегі температура 36,5-37,5 екендігін ескерсек, оның қызуы өте төмен болды. Бастысы осыны қалыпқа келтіру болатын.

Ақ халаттылар қазір сәбидің денсаулығы қалыпты екенін айтады. Оған Мәншүк Мәметованың атын беріпті. Ал  тәртіп сақшылары тастанды балаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарына кіріскен. Олар безбүйрек ананы іздеп жатыр.

Мансұр ЕСҚОЖИН