Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мысырда террористтік ұйымның 225 мүшесі ұсталды

AstanaTV
13.05.2014ж. 13:00
940
Мысырда террористтік ұйымның 225 мүшесі ұсталды

Мысыр полицейлері ірі террористік топтың 225 мүшесін құрықтады. Тұтқындалғандардың барлығы да аз танымал «Мысыр Жасағы» ұйымының баскесерлері болып шықты.

Осы жылдың сәуір айында Каир университетінің инженерлік факультеті ғимаратының алдында болған бірнеше террорлық әрекеттер осы топтың қолымен жасалған. Оның нәтижесінде 1 адам мерт болып, алтауы жарақаттанған еді.

БАҚ -ың мәліметінше, бұл топтың құрылуына «мұсылман-бауырларының» жетоекшілері себепші болған. Оның бірі - Хейрат аш-Шатер. Осыған дейін де Мысыр ІІМ-гі барлық террористік әрекеттер үшін жауапкершілікті исламистік қауымдастыққа артқан-ды. Террористерді құрықтау мамырдың 26-ы мен 27-і күндері өтетін президенттік сайлау қарсаңында жүргізіліп жатыр.