Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара
қызметіне қарасты АН-72 ұшағы кеше күндіз Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болған.
Бұл туралы «Қазаэронавигация» мекемесі
мамандары хабарлайды.
Айтуларынша, жөндеуден өткен АН-72
ұшағы Киевтен бет алған. Командир ұшақтың гидрожүйесінде ақау шығып, шұғыл қону
қажеттігін диспетчерге хабарлаған, дейді мекемедегілер. Сондай-ақ, борт әлі де
әуежайда екенін жеткізді.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА