$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағанды кеншілері Түркиядағы әріптестеріне көңіл айтты

AstanaTV
14.05.2014ж. 20:00
1364
Қарағанды кеншілері Түркиядағы әріптестеріне көңіл айтты

Қарағанды кеншілері Түркияда қаза тапқан шахтерлар отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады. "Шахтерлар әулеті" қоғамдық бірлестігі өз хатында, кеніштегі апат қарағандылық жұмыскерлердің де қабырғасын қайыстырғанын жазды.

"Кеншілер мен олардың отбасылары басына түскен жағдай бізге түсінікті. Біз де өз жақындарымызды жоғалттық. Жер астындағы кеншінің жұмысы өте ауыр. Бақытсыздыққа жол бермеу үшін бірінші кезекте әрбір адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Адам өмірінен маңызды, адам өмірінен артық еш нәрсе жоқ екенін ескеріп, ойлану қажет",- деп жазылған жеделхатта. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ