$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қарағандыда Отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы» байқауы өтті

AstanaTV
16.05.2014ж. 10:00
1812
Қарағандыда Отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы» байқауы өтті

«Отан отбасынан басталады». Халықаралық отбасы күніне орай Теміртауда «Мерейлі отбасы» байқауы ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара қаладағы отбасы институты деңгейін көтеру, отбасын мәдени және қоғамдық қызметке белсенді араластыруға арналған.

Отбасы құндылықтары дәріптелетін аталмыш байқауға Теміртаудың 5 берекелі жанұясы қатысуға ниет білдіріпті. Байқау барысында олар отбасылық мерекелер мен дәстүрлерін қаншалықты біліп, дәріптейтіндерін, спорттық белсенділіктері мен кез келген мәселені бірлесіп шешетіндіктерін көрсетті. Жеңімпаздарды көрермендердің өздері анықтаған болатын. Олар Мақсұтовтар мен Борисенко жанұялары. Аталмыш байқау Приозерск, Жезқазған, Сарань, Абай және Шахтинск қалаларында да ұйымдастырылады. Жеңімпаздары мамырдың 23-і күні Қарағандыда өтетін облыстық байқауға қатысады.

Жанагүл Мақсұтова, байқау жеңімпазы
:

Мерейлі отбасы дегеніміз ол берекелі, ынтымаққа, сүйіспеншілік пен махаббатқа толы. Біз мерейлі отбасы байқауына қатысып отырмыз, өте жақсы, Қазақстанымызда мерейлі отбасылар көбейе берсін.

Шолпан Мырзахасимова, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

Барлық отбасы өз таланттарын барынша көрсетуге тырысты. Байқауға әр сала өкілдерінен тұратын жанұялар қатысты. Олардың қатарында дәрігерлер мен металлургтер, спортсмендер де бар.