$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Алматыда электр қуатының тапшылығы проблемасы шешіледі

AstanaTV
16.05.2014ж. 13:00
1084
Алматыда электр қуатының тапшылығы проблемасы шешіледі

Бүгін Алматының орталығында ірі электр станциясы іске қосылды. «Есентай» деп аталатын 126 қосалқы электр кешені қаланың энерготапшлығына ықпал етпек.

Жаңа станция алдағы 20-25 жылда мыңдаған тұтынушыларға үздіксіз қуат беруге қауқарлы. Қосалқы электр кешені Алматы қаласын 2020 жылға дейінгі энергиямен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша салынды. Станция құны 2 млрд 600 млн теңгеден асады. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінді.

Өткен алты жылда Алматыда осындай 26 қосалқы станция қайта жөндеуден өткен. Осындай энергия тарату кешендерін салуға отандық тасмымалдаушылардың құрал-жабдықтары пайдаланылған. Ал оның ұзақ жұмыс істеуіне қосымша Украина, Швейцария және Франциядан қондырғылар әкеліп орналастырылды.

Есберген Әбитаев, «Алатау жарық компаниясы» АҚ бас директорының кеңесшісі:

Мұндағы подстанция тым ескіріп кеткен. Оның құрылысына міне 44 жыл болған. Мұнда соңғы жалдары жаңа үйлер көптеп салынды. Оларға күші жетпеді. Сондықтан
, Үкіметтің көмегімен осындай электр стансасы бой көтерді. Мұны тек халықтан түскен тарифтің ақшасына салу мүмкін емес еді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ