Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ташкентте НАТО кеңсесі ашылады

AstanaTV
16.05.2014ж. 13:00
804
Ташкентте НАТО кеңсесі ашылады

Ташкентте НАТО кеңсесі ашылады. Солтүстік атлантикалық альянстың жаңа кеңсесі ұйымның Орталық Азия және Қазақстандағы қызметін үйлестіреді. Бұдан бұрын НАТО өкілдігі Астанада орналасқан. Өткен жылы оны көшіру туралы шешім қабылданған болатын. НАТО кеңсесінің Астанадағы қызметі негізінен Қазақстандағы ішкі ахуалға байланысты болатын.

Ал Ташкенттегі мекеме енді бүкіл аймақтағы жағдайды бақыламақ. Солтүстік атлантикалық альянс өкілдігінің ақпарынша, Өзбекстандағы ашылу рәсіміне Орталық Азия және Кавказ елдері бойынша НАТО-ның бас хатшысының өкілі Джеймс Аппатурия қатысады.

Айта кетейік, өкілдіктің ашылуы өткен жылдың маусымына жоспарланған. Алайда ашылу рәсімі өткізілмей, шараға қатысады, деп тіркелген альянс қызметкерлері НАТО-дан аймақтағы қызметтің басталғаны туралы ресми мандатты күтті.

Жұрағат БАМАН