Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Бас прокуратурада азаптауға қарсы шара қолдану тақырыбында кеңес өтті

AstanaTV
16.05.2014ж. 13:00
974
Бас прокуратурада азаптауға қарсы шара қолдану тақырыбында кеңес өтті

Еліміздің түзету мекемелерінде жазасын өтеушілерді азаптау фактісі бойынша өткен жылда 35 іс қозғалып, құқық қорғау органдарының 31 қызметкері сотқа тартылды. Бұл ақпарат бүгін бас прокуратурада өткен азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылармен өзара іс-қимыл мәселесі бойынша өткен кеңес барысында айтылды.

Мәселен, тергеу барысында рұқсат етілмеген әдістерді пайдалануға қатаң ден қою нәтижесінде кейіңгі бес жыл ішінде осы санаттағы қозғалған қылмыстық істер 10 есеге артқан. Соңғы жылдары елімізде адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды бекіту бойынша біраз қадамдар жасалды, дейді мамандар.

Атап айтқанда, еліміз адам құқықтарын қолдауға қатысты халықаралық конвенцияларға қосылды.

Ілияс Бақтыбаев, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі:

Құқықтық жүйесінің алға басып келе жатқанын тағы бір дәлелдеп отырмыз. Біз мынау ұлттық алдын алу тетігінің жолын қарастырып, бұл көп дамыған мемлекеттерде бар бұндай. Біз сол қазақстандық өзінің үлгісімен осы тетікті ұйымдастырып, бірінші қадамын бастауға арналған жиын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ