Целиноград прокурорлары зейнеткерлердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Astana TV.
Целиноград ауданының прокуратурасының шараларымен зейнеткерге 11 млн теңге көлемінде өтемақылар төленді.
Целиноград ауданының прокуратурасымен қадағалау аумағында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі талаптарының сақталуына талдау жүргізілді.
Талдау барысында білім беру саласында зейнеткерлік жасқа толған азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылғаны анықталды.
Атап айтқанда, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты еңбек шарты тоқтатылған бірқатар қызметкерлерге заңнамада көзделген өтемақылардың тиісті деңгейде төленбегені анықталған.
Прокуратураның араласуы нәтижесінде 68 зейнеткердіңконституциялық және еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, оларға жалпы сомасы 11 млн теңгекөлемінде заңда көзделген өтемақылар төленді, - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.