Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Протон-М» 2025 жылға дейін ұшырыла береді

AstanaTV
19.05.2014ж. 13:00
964
«Протон-М» 2025 жылға дейін ұшырыла береді

Ресей «Протон-М» зымыран тасығышынан 2025 жылға дейін бас тартпайтынын мәлімдеді. Алдағы он жылда 130 зымыран тасығыш жасамақ. Бұл жөнінде «ИТАР-ТАСС» агенттігі ғарыш саласындағы дереккөздеріне сүйене отырып жазады.

Бұған дейін «Роскосмос»-тың бұрынғы бастығы Владимир Поповкин «Протон-М» 2020 жылдан кейін қолданыстан шығады деген.

Еске салайық, 16-мамырда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшқан «Экспресс» спутнигін тасымалдаушы «Протон» зымыраны атмосфераның қалың қабаттарында жанып кеткен болатын.

Алдын ала мәлімет бойынша старттан кейінгі 545 секундта тасығыш ракетаның басқару қозғалтқышының үшінші бөлігі істен шықты. Дегенмен, сәтсіз ұшырылымның себептерін анықтап жатқан ведомствоаралық комиссия қорытынды есебін 10-шы маусымда жарияламақ. Тағы бір «Протон» өткен жылдың шілдесінде қазақ жеріне құлаған еді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ