$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Ресей вице-премьер-министрі Д.Рогозин: «Протон» зымыранын ұшыру уақытша тоқтатылады

AstanaTV
19.05.2014ж. 13:00
1173
Ресей вице-премьер-министрі Д.Рогозин: «Протон» зымыранын ұшыру уақытша тоқтатылады

Айта кетейік, осының алдында ғана Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин «Протон» зымыран-тасығышын ұшыру уақытша тоқтатылатынын мәлімдеген. Бұл туралы ол өзінің Фейсбук әлеуметтік парақшасында жазды. Мәлімдеме «Протон-М» зымыранын өндіруші Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндіріс орталығында болған басқосудан кейін жасалды.

Дмитрий
Рогозин, РФ вице-премьер-министрі:

Мәскеу, Воронеж және Перьмде Хруничев өндірістік орталықтары басшыларымен кездесу аяқталды. Мәселе қиын. Үкімет апаттық комиссия жұмысының қорытындысын күтіп отыр. Жұмыстар аяқталғанша
«Протон» зымыранын ұшыру тоқтатылады. Өндіріс орнындағы жүйелік дағдарыс сапаның жоғалуына соқтырып отыр. Ұжымға тығырықтан шығуға көмектесеміз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ