Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Бағдат Майкеевке қатысты сот талқылауы басталды

AstanaTV
19.05.2014ж. 20:00
1253
Алматыда Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Бағдат Майкеевке қатысты сот талқылауы басталды

Алматыда Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Бағдат Майкеевке қатысты сот талқылауы басталды. Лауазымды қызметкермен бірге ауданаралық әскери сот залына оның үш сыбайласы да жеткізілді. Процесс жабық жағдайда өтті. Генералмен сөз байласып қазына қаржысын талан-таражға салды деп айыпталғандар - ірі компания өкілдері. Олар мемлекеттік сатып алудан кейін бөлінген қаражатты әскери шенеунікпен бөлісіп отырған. Бұл туралы прокурор айыптау қорытындысында мәлімдеді.

Бағдат Майкеевке аса ірі көлемде пара алды және заңсыз қару-жарақ сақтады деген айыптар тағылған. Оның сыбайластары пара беру фактісі бойынша жауап береді. Барлығы 33 томнан тұратын қылмыстық іс барысында 20-ға жуық куәгер тындалмақ. Қорғаныс министрлігіндегі кезекті жемқорлық дауы ақпан айында әшкере болды. Бұрын ішкі істер министрлігінде, сосын қарулы күштер саласында лауазымды қызметтер атқарған генерал 2 миллион АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен құрықталған болатын.

Кемел Шаяхмет, мемлекеттік айыптаушы:

Майкеев Слышь деген тұлғаға психологиялық қысым жасаумен болған. Ол өз кезегінде тасымалдаушыларға мемлекеттік орган тарапынан қолдау болатынын айтып отыруы тиіс еді. Сосын министрдің орынбасары ретінде ылғи мемлекеттік сатып алуларға кедергісіз қатыстыратынына уәде еткен. Тиісінше келісімшарттарда өз қажеттігіне пайдаланатынын да жасырмаған.


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ