Ақтөбедегі қорғаныс істері жөніндегі
қалалық басқарманың кезекші сержантын іздестіру бесінші тәулікке жалғасып
жатыр. Арман Сұрағановтан хабар-ошақ жоқ. 33-жастағы сержант 15-мамырда жұмыс
орнында, кезекшілікті атқару кезінде жоғалған.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, ол бір
тәулікке жұмыс орнын рұқсатсыз тастап кеткен. Себеп
пен салдары да белгісіз. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы басшылығы
бұқаралық ақпарат құралдарымен тілдесуден бас тартты. Қазіргі таңда полицейлер
іздеу жұмыстарына кірісті.
Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің
жетекшісі:
Сұрағанов Арман Талғатұлы атты азаматтың жоғалып кеткендігі
жайында ақпарат түсті. Қазіргі таңда осы азаматтың қай жерде екендігін анықтау
бағытындағы барлық жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қандай да бір осы азамат
жөнінде және осы іс бойынша қандай да бір ақпарат білетін азаматтарға Ақтөбе
қаласы қалалық ІІБ Зауыт полициясы бөлімінің 202-ші кабинетіне хабар беруін
өтінеміз.
Арман Сұрағановтың жақындары да жан-жақты тінтіп, іздеуге
кіріскен. Балгер-тәуіптердің де табалдырықтарын тоздырып үлгерген. Ата-анасы
баласының өздігінен жұмыс орнын тастап кетуі мүмкін емес, өзі біреудің ала
жібін аттамайттын азамат, дейді. Қорғаныс істері жөніндегі басқармада 8-жылдан
бері жұмыс істеп келеді екен. Зайыбы мен 2 баласы бар. Жақындары сол түні
Арманды белгісіз біреулер соққыға жығуы мүмкін деп болжайды.
Талғат Сұрағанов, Арман Сұрағановтың
әкесі:
Адам алып кеткен жұмысынан. Жұмысының орнында төбелес
болған. Не болған, ішінде қан жатыр. Үстел сынған. Кабинетте барлығы шашылып
жатыр. Соткаларының барлығы жабық. Не болса да, артқы есіктен өзінің адамдары
кірген.
Мансұр ЕСҚОЖИН