$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Павлодарлық полицейлер «Ертіс» ФК басшыларын соққыға жыққандарды іздеуге кірісті

AstanaTV
20.05.2014ж. 10:00
731
Павлодарлық полицейлер «Ертіс» ФК басшыларын соққыға жыққандарды іздеуге кірісті

«Ертіс» футбол клубы басшыларын соққыға жыққандар іздестеріліп жатыр. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД-інен хабарланды.

Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабымен іс қозғалды. Бұл іске қатысы бар қылмыскерлерді анықтау үшін жедел іздестіру шаралары басталған. Ал жапа шегушілердің өзі бұзақылар туралы қандай да бір ақпарат бере алмай отыр. Өйткені оларды соққыға жыққандар қара бетперде киген. Сондықтан, әзірге қандай да бір нұсқа жоқ.

Белгілі болғандай, клубтың спорттық директоры Болат Ысқақов жан сақтау бөлімінен шығарылды. Мамандар жапа шегушілердің жағдайы тұрақталды деп отыр.

Еске салайық, атышулы оқиға Футболдан Қазақстан бірінішілігінде 5:0 есебімен аяқталған, «Ертіс» - «Спартак» кездесуінен кейін болған. Бетперде киген белгісіз екі адам клуб басшыларына бас салып, екеуін темір тоқпақпен аяусыз соққан.

Илхам ИБРАГИМ