Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қытайдың онлайн саудасына шығу

AstanaTV
27.02.2016ж. 20:00
1766
Қытайдың онлайн саудасына шығу

Дегенмен бізге қытай нарығына шығу керек. Facebook әлеуметтік желісінде «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин бір топ мемлекеттік менеджерлердің қазір әлемге белгілі қытайдың онлайн-ритейлері Alibaba Group компаниясының штаб-пәтеріне барғанын жазды. Интернет- коммерциямен айналысатын компанияға 150 қазақстандық брендтің тізімін көрсеткен. Alibaba Group құрамындағы Tmall арқылы онлайн нарыққа шығу үшін. Бұл онлайн бөлшек сауда алаңы Қытайдың ішкі нарығына шығып, тауар сатуға бір мүмкіндік.  Alibaba –ң негізін қалаушы Джек Ма бұдан бұрын «кибер Жібек Жолын» салуды ұсынған. «Қазіргі кезең дамушы аймақтар мен елдер интернет-революция арқылы қалып қойған тұстарын қайта толтыра алатын уақыт» - деген. «Кибер Жібек жолы» арқылы Азия мен Еуропа арасындағы сауда кедергілерін жоюға мүмкіндік бар деп сенеді.