$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қарағанды облысындағы үй тауықтары Ньюкасл ауруынан қырылған

AstanaTV
20.05.2014ж. 20:00
1209
Қарағанды облысындағы үй тауықтары Ньюкасл ауруынан қырылған

Қарағанды облысындағы үй тауықтары Ньюкасл ауруынан қырылған. Аталмыш вирустық инфекция құстың ас қорыту, демалу органдары мен жүйке жүйесін құртатын көрінеді. 

Бүгінде Шет ауданындағы Талды кентінде жүзге жуық шаруашылықтың екі жүзден аса тауығы қырылған. Ветеринар инспекторлардың айтуыынша, бұл сан әлі өсуі мүмкін, бірақ олар аталмыш инфекция азиялық оба емес екендігін айтып, халыққа басу айтты. Дүние жүзі бойынша құстардың жаппай қырылу фактілері жылда тіркеледі, биыл бұл инфекцияны Орталық Қазақстанға қоныс аударушы құстар әкелуі мүмкін деген болжам бар.

Бүгінде кенттегі ауру құстар  жойылып, саулары вакцинациядан өтті. Кентке мыңдаған ампула дәрі әкелінуде.

Қайырбек Тұрсынбеков, Қарағанды облыстық ветеринарлық қадағалау инспекциясы комитеті жетекшісінің орынбасары:

Карантиндік шаралар бойынша  құстардың басын, жұмыртқасын, басқа да шикізат өнімдерін сыртқа шығаруға, сырттан кіргізуге толықтай тиым салынды.